Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне арналған «Көше мейрамы – 2016» мерекелік іс-шарасының

20160701_165041

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ Өтетін орны: Астана, «Нұржол» желекжолы (сулы-жасыл) алаңы;  Өтетін күні: 2016 жылғы 2 шілде, сағат 14.00-ден. Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы  2016 жылғы 2 шілде күні сағат 14.00-ден «Нұржол» желекжолының алаңында («Нұрсая» тұрғын үйлерінің ортасы) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне арналған «Көше мейрамы-2016» мерекелік іс-шарасын…

Аспаздық өнер – Қалалық алаңда

1ecb31227f0d6d937d11a579373

Елорда күнін мерекелеуге орай жетекші аспаздар қала әкімдігінің алдындағы алаңда кездеседі. Ең «тәтті» «Аспаздар шеберлігі – сүйікті қалаға» фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді. Аспаздық жекпе-жекке елордалық мейрамханалардың үздік кәсіпқой аспазшылары қатысады. Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдар ассортиментімен танысып, одан дәм татып, лайықты бағасын береді. Мұнымен қоса, аталмыш шара аспазшылар…

Елордада қымыз мерекесі өтеді

2685b1f2a74ed37a0a41e574f74

Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде даладағы нағыз қазақ ауылы орын тебеді. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны – қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі. Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны…

Астана Елорда күніне орай безендірілуде

72c2afc9880302b44f9772b4a94

Қала тұрғындары мен қонақтары әдемі мерекелердің бірі – елорда күнін қарсы алады. Ару Астана жаңа кейіпке енбек – ғимараттардың мерекеге орай безендірілген қасбеттері, жарқ-жұрқ еткен конструкциялар және шағын сәулетті пішіндер ерекше атмосфера орнатпақ. Алматы ауданында 21 жарықдинамикалық панно мен 375 кронштейн орнатылған. Басты көшелерге консольдік тулар, ал Бейбітшілік пен келісім…

Әсет Исекешев Астана әкімі болып тағайындалды

17863a6182133e31483ce061f61

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды: «Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі лауазымын босатылып, Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Әкімдік шағын футболдан жарыс өткізеді

a243db188d675f1a1b8f323c3f3

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астана қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізетіні туралы хабарлайды. Жарыс 25 маусымда Астанада Кенесары к-сі, 14 мекен жайы бойынша орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Басталуы сағат 9:00. Қатысушылар өтінімдерді 23 маусым сағат…

Мемлекет басшысы Астана қаласының активімен кездесті

1c828ad55c4f1d29888925d9036

Кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Ә.Исекешевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. – Бұл қаланы кімнің басқаратынына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Ол тәжірибелі, білімді, Қазақстанға танымал, елорданың мүддесін қорғай отырып, үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исекешевті сондай адам деп есептеймін. Бүгін…

Астаналық делегация Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты

50f8e847585a35ea079b8135cbb

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 9-11 маусымда Варшавада (Польша) өткенжыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты. Биылғы саммит «Әйелдер – сандық технологиялар дәуірінде инклюзивті экономиканы құру үшін» тақырыбымен өтті. 70-тен астам елден 1000 астам табысты бизнес пен саясаткер әйелдер осы беделді алаңда өз тәжірибелерімен әрі пікірлерімен алмасты. Бұл саммит мемлекеттік…

Елорда тұрғындарының назарына

17863a6182133e31483ce061f61

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды. 5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел…

2016 жылғы 27 мамырда, сағат 10.00-де, «Іскер» бизнес орталығында «Қаланың тілдік келбеті: жарнама және көрнекі ақпарат мәтіні» атты семинар өтті.

01 (1)

2016 жылғы 27 мамырда,  сағат 10.00-де, «Іскер» бизнес орталығында Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында жарнама саласы бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арналған «Қаланың тілдік келбеті: жарнама және көрнекі ақпарат мәтіні»  атты семинар өтті. Семинардың мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы топонимикалық атауларды, ұйымдардың…