Президент жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауы. 2009 жылғы 6 наурыз

Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым! Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді-де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді-де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр-деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін-де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген Кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына…