Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 29 мамырда сағат 10.00-де «Іскер» бизнес орталығында (Сарыарқа даңғылы, 15) «Латын жазуы – баршаға таныс және таным» тақырыбында «дөңгелек» үстел отырысы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – сыртқы және ішкі жарнаманы сауда нысандарында орналастыруға байланысты мәселені талқылау; жарнамаға тапсырыс берушілер мен орындаушыларға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларындағы талаптарды түсіндіру; сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін олқылықтардың алдын алу, сыртқы жарнаманы болашақта латын қарпіне көшіру мәселесін талқылау.

Іс-шараға Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының өкілдері, сауда орталықтары мен жарнама агенттіктерінің директорлары және арнайы шақырылған дәріскерлер қатысады.