«Еңселі елім, байтағым!» Астана күніне арналған жастар рухани байқауы

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Астана күніне орай «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының рухани байқауын өткізеді. Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады. Байқауда номинациялары:  

1.  «Үздік поэзия»;
2.  «Үздік блог-пост»;
3.  «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция);
4.  «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар);
5.  «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар);
6.  «Үздік мақала».

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады. Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды. Жұмыстар www.BaikauTDB@mai.ru электронды мекенжайына жолдану қажет. Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.astanafm.kz cайты арқылы танысуға болады. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 702 704 88 98.

Марапаттау кеші арнайы фуршеттік ортада, қонақтар мен қатысушылардың коммуникативтік формат ұстануына негізделеді. Сондай-ақ, шағын концерттік бағдарлама және әр номинация бойынша үміткерлердің жұмыстары, еңбектері жайлы әзірленген бейнесюжеттер көрсетілетін болады. Қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін іс-шараға шақырамыз. 

«Еңселі елім, байтағым» байқауының марапаттау рәсімі:

Өтетін орны: «Тілеп» қобыз сарайы (Керей, Жәнібек хандар к-сі, 18)

Өтетін күні мен уақыты: 3 шілде, 16:00-де.