Баспасөз парағы

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиін енгізу мәселесіне бағытталған ақпараттық – насихаттық күндер өтті.

Ақпараттық күндер мемлекеттік мекеме, мәдениет мекемелері, спорт мекемелері, орта және жоғары оқу орындарының,  Астана қаласы бойынша Статистика, Мемлекеттік кірістер, Әділет, Қылмыстық – атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар, Қазынашылық департаменттерінің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлеріне ұйымдастырылады.

Белгілі қоғам қайраткерлері, филология ғылымдарының докторлары, зиялы қауым өкілдері баяндама оқыды.