Астана қаласы әкімдігінің «Астана Руханияты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жоба

 

Астана қаласы әкімдігінің

«Астана Руханияты»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорнын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі,  «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана Руханияты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

3. Қоса беріліп отырған Кәсіпорынның Жарғысы бекітілсін.

4. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін. 

 

Әкім                                                                                             Ә. Исекешев