Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 14, 15, 16 мамыр күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілік арттыру курсын» өткізді.

Курстың мақсаты – тіл саласында еңбек етіп жүрген теоретиктер мен практиктерді кездестіріп, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру барысында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысытыру, пікіралмасу, ой бөлісу, кейбір дыбыстық ерекшеліктерге байланысты таңбалау мәселелерін талқылау.

Курста ф.ғ.д., А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбеков қазақ тілінің төл дыбыс құрамы қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы, кірме сөздердің орфографиясы, кірме таңбалардың дыбыс мәні, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.к. Анар Фазылжан латын графикалы жаңа әліпбиге көшу арқылы жазуды реформалаудың маңызы, жаңа ұлттық әліпбиге көшу арқылы қазақ жазуының реформасын жүзеге асыру жөніндегі кезеңдік жоспар жөнінде және тілтанымдық реформа туралы қоғамдық пікір, акуттық негіздегі жаңа әліпби, ауызша және жазбаша формалары, жаңа емле туралы және тағы басқа да мәселелер туралы дәріс оқыды.