Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Астана қаласының Кәсіпкерлік палатасы бірлесе отырып, мемлекеттік тіл саясатын және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 21 маусымда

 Астана  қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Астана қаласының Кәсіпкерлік  палатасы бірлесе отырып, мемлекеттік тіл саясатын және  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 21 маусымда «Жарнама мен көрнекі ақпаратты орналастырудағы Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының негізгі талаптары» тақырыбында семинар өткізді.

Жарнама саласындағы кәсіпкерлермен астананың келбетін құраушы қазақ тіліндегі көрнекі ақпараттың сапасы туралы жан-жақты пікір алмасылды. Осы саланың мәселелері мен болашағы бойынша арнайы шақырылған дәріскерлер заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.