Абай ескерткішінің алдында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» әдеби-сазды іс-шарасын өткізілді.

Абай ескерткішінің алдында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» әдеби-сазды іс-шарасын өткізілді.

Бұл күні ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтіп, іс-шара барысында белгілі айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан арнауын тартып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан, дәстүрлі ән дүлдүлдері Ерлан Рысқали, Перизат Тұрарова және өзге де елорда өнерпаздары Абай әндерін орындады. Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қазақ күйлері мен түрлі композициялар тарту етсе, танымал күйші Айбек Бекбосын Абайдың күйін шертті, Абайдың образы сомдалып, монологтар ұсынылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және Абайға арналған өз жырларын оқыды, абайтанушылар мен ел зиялылары Ұлы ақын өміріне және мұрасына қатысты ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, көпшілікке арналып «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.