5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген.

Бүгін, яғни 2018 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 18.00-де «Астана» концерт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қазақстан халқының тілдерінің күніне арналған «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХ қалалық тіл фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында әкімнің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты табысталады, тіл төңірегіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жайлы және рухани-патриоттық бағыттағы бейнесюжеттер көрсетіледі,  Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театырының әртістері сахналық шағын қойылым ұсынады, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары қазақ күйі мен биін паш ететін болады. Сондай-ақ, эстрада жұлдыздары Төреғали Төреәлі, «Алашұлы» тобы, Айгүл Иманбаева және басқа да ел өнерпаздары өнер көрсетеді.

Аталған іс-шараға тіл жанашырлары, ел зиялылары, депутаттар, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, қала басшылығы, белсенді жастар, қала тұрғындары мен қонақтары және БАҚ өкілдері шақырылған.