Баспасөз парағы

Астанада қазақ тілді медиа контент сапасы талқыланады.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 қазанда сағат 16.00-де Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11, 2-қабат, кинозал) интернеттің қазақтілді сегментіндегі контент мәселелері бойынша «Қазақ тілінде түрлі аудиторияға лайықталған сапалы контенттің жасалуы және проблемалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Жиын барысында қазақ тілді контент сапасына көңіл тола ма, бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары беретін контенттің сапасы қандай, интернет ресурстардың рейтингісінде топ жарған сайттар қандай контент ұсынуда, ақпараттық өнімдер аудиторияның сұранысын қанағаттандыра ма деген сауалдарға телеарна басшылары, газет және интернет басылымдардың бас редакторлары, журналистика мәселелерін зерттеуші ғалым-мамандар жауап іздеп, пікір қосады.

Дөңгелек үстелге қатысуға аккредитация алу мәселесі бойынша мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

  556722, 87014783087 (Айгерім Жанарбекқызы)