Елордада латын графикасында жалпыхалықтық диктант өткізіледі

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерінің жобасын практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында а.ж. 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық өңірде бір мезетте жалпыхалықтық диктант өтеді.

Диктанттың мақсаты – сауаттылық тексеру емес, латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары диктантқа қатысқыңыз келсе, өтінімдеріңізді eka_kazakh.007@mail.ru электрондық мекенжайына жолдай аласыздар.

Өтінім үлгісін және өзге де қажетті материалдарды «Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ ресми сайтынан http://tildamytu.astana.kz/?page_id=1252 сілтемесі арқылы жүктей аласыз.

Ескерту: Диктанттың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат қатысушының электрондық поштасына қосымша жолданады. Жалпыхалықтық диктантқа 15 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Анықтама телефоны: 8 (775) 935 97 46.