Астана қаласында өткен жалпыхалықтық диктант бойынша қорытынды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының  2-тармағына сәйкес ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктантқа Астана қаласында мемлекеттік мекемелерден, жоғары және орта арнаулы  оқу орындарынан, мектепке дейінгі мекемеден, мектептен, қосымша білім беру мекемелерінен, мәдениет, спорт, медицина, әлеуметтік қорғау, энергетика және басқа да салалардан 50 мыңнан астам адам қатысты. Диктантқа қатысқандар диктант латын графикасында жазуға деген қызығушылықтарын арттырғанын айтуда.