2018 жылдың 28 қарашасында Астана қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен ұйымдастырылған

2018 жылдың 28 қарашасында Астана қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауының қорытындысы өтті.

Байқау барысында мемлекеттік қызметші өз мекемесінің намысын қорғау жолында өзінің кәсіби шеберлігін, белсенділігі мен ой ұшқырлығын, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, сөздік қоры бай, азаматтық ұстанымы қалыптасқан үміткер ретінде көрсете білуі тиіс. Қазылар алқасы қатысушының сөйлеу мәнеріне, киім киісіне, сахнада өз-өзін ұстауына, мемлекеттік қызмет этикасы мен эстетикасына және білімі мен біліктілігіне  назар аударды.

Қазылар алқасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бопазов М. Д., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Кәсіби даму институты Тілдік құзыреттілік секторының меңгерушісі Төленбергенова Н.Т., Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Үмбетова Б.С., Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Есіркеп Е., белгілі журналист, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Шыңғыс Мұқан болды.

Байқауға қатысушылардың ішінен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы озып шықты. Екінші және үшінші жүлделерді Астана қаласының Статистика мен Қазынашылық департаменттері иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.