Қорытынды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 21, 22 маусым күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілік арттыру курсын» (бұдан әрі – Курс) өтті.

Курста А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.к. Анар Фазылжан, ф.ғ.к.  к.ф.н. Солтанбекова Әлфия, к.ф.н. Дүйсенов Қуатбек қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы, латыннегізді қазақ жазуының емле мәселелері, кірме сөздердің орфографиясы және тағы басқа да мәселелер туралы дәріс оқыды.

Курсқа Астана қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.