Тәуелсіздік күні – сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы мен халқымыздың жасампаз арман-мұраттары іске асқан маңызды мейрам. Сол үшін де бұл мереке біз үшін аса құнды.

Тәуелсіздік күні – сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы мен халқымыздың жасампаз арман-мұраттары іске асқан маңызды мейрам. Сол үшін де бұл мереке біз үшін аса құнды.

Еліміз, еңселі Елордамыз соңғы жиырма жеті жылда толағай табыстарға қол жеткізді. Мұның бәрі қажырлы еңбек пен салмақты саясаттың арқасы. Елордамызда Астана қаласы  Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жанынан құрылған «Тілге қолдау» кеңесші жұмыс тобы мемлекеттік тіл саясатын пәрменді жүргізуге атсалысып, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыруға үздіксіз жұмыстарды атқаруда. Осы орайда, Басқарма басшысы 2018 жылы атқарылған жұмыс тобының еңбектерін қорытындылап, марапаттады. Сонымен қатар, Байқоңыр ауданында орналасқан мейрамханалар арасында өткен «Үздік мекеме» байқауында жүлделі орынды иеленген жеңімпаздар да марапатталды.