«АЗАТТЫҚ – ҰЛТТЫҢ АРЫ, ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ БАҒЫ» тарихи-танымдық мерекелік іс-шарасы

Көк байрақтай киелі, батыр бабалардың аңсаған арманындай қасиетті ел Тәуелсіздігінің қадір-қасиетін, бейбітшілік құшағындағы еркін елдің егемендігін, ұлт мұратын арқалаған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың реформаторлық жемісті идеясын жас ұрпақ – жаңа буынға дәріптеу, олардың елдік және ерлік ұстанымдарын қалыптастыру, жүректеріне Ұлы дала еліне деген махаббат сезімін ұялату, шежірелі ата тарихымен ұлттық сананы бірегейлендіру. Ұлы даланың рухани құндылықтары мен мұраларын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған «Азаттық – ұлттың ары, Елбасы – елдің бағы» тарихи-танымдық мерекелік іс-шарасы өтті.