5-11 желтоқсан күндері аралығында латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіруге арналған оқу-семинары өтті.

5-11 желтоқсан күндері аралығында латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіруге арналған оқу-семинары өтті.

Оқу-семинарларына Астана қаласының аудан әкімдері, басқарма басшылары және олардың орынбасарлары, аппарат басшылары, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.

Аталған семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова латын негізді қазақ әліпбиінің дыбыстық қорының әлеуеті, емле-ережесі, орфографиялық ережелер мен нормалардың моделдері төңірегінде дәріс оқыды.