Астана қаласының тұрғындарына қазақ тілін оқыту

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттікмекемесі (бұдан әрі – «Руханият» орталығы)«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаныорындау аясында елордалық ересек тұрғындарғақазақ тілін қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін тегін оқытукурсына жазылу басталғанын хабарлайды.

Курстың мақсаты – қоғам мүшелерінің қазақ тілін үйренуіне дегенсұраныстарын жан-жақты ескере отырып, қарапайым және базалық деңгейлер (А-1, А-2) көлемінде күнделікті тұрмыстық кәсіби салаларда  қазақ тілін алдын-ала дайындықпен шектеулі қолдануы; орта және ортадан жоғары деңгейлер (В-1, В-2) көлемінде өз бетінше пайдалана алуы және жоғары деңгей (С-1) көлемінде құзыретті түрде қолдануы үшінкоммуникативтік әдістеменің негізгі ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері негізінде жүйелі оқыту.

«Руханият» орталығының  оқытушыларытыңдаушылардықазақ тілінде еркін әрі сауатты жазуға және сөйлеуге ықпал етеді.

Оқу курсы 2019 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында тыңдаушылардың келісіміне негізделген кестеге сәйкес  қаланың 4 (төрт) ауданында орналасқан оқу залдарында өтеді.

Курс барысында тыңдаушылар қажетті оқу құралдарымен қамтылады. Курсқа жазылу ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Қосымшасұрақтар бойынша +7 (7172)77-93-37 байланыс нөміріне хабарласуға болады немесе ryhaniat@gmail.com электрондық поштасына хабарлама жолдау керек.