Тестке қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден (11 мекемеден) 200 қызметкер қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 28 наурыз күні Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тест өтті.

Тестке қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден (11 мекемеден) 200 қызметкер қатысты. Жыл соңына дейін   мемлекеттік органдар мен  оларға бағынысты мекемелерден 1800 қызметшіні тесттен өткізу жоспарланып отыр.