Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазтест» жүйесі арқылы

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында наурыз, мамыр, маусым, шілде айларында тест өткізуді жоспарлаған болатын.

Наурыз айында өткен тестке қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден  (11 мекемеден) 154 қызметкер қатысты. Тест нәтижесі бойынша қарапайым деңгей (А1) – 5 (3,6%), базалық деңгей (А2) – 26(17,4%), орта деңгей (В1) – 42 (27,4 %), ортадан жоғары деңгей (В2) – 64 (41,8 %), жоғары деңгей (С1) – 15 ( 9,8% ).

Екінші кезеңге  (а.ж. 28 мамыркүні) бюджеттік мекемелерден 490 қызметкер қатысты. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен  оларға бағынысты мекемелерден 1300 қызметшіні тесттен өткізу жоспарланып отыр.