4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Аталған ұлттық маңызы бар мерекені атап өту және Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мақсатында қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда 4 маусым күні сағат 10.00 – де еліміздің гимнін бірыңғай орындау шарасы өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2 маусым күні сағат 14.00 – ден 16.00 – ге дейін мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында автошеру өткізіледі. Автошеру Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып – «Ұлы дала» даңғылы – «Мәнгілік ел» даңғылы- «Шалқыма» көшесі – «Ж. Ташенов» көшесі – «Тәуелсіздік» даңғылындағы «Студенттік» саябағына дейін жалғасады.