Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

 Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                   2019 жылғы 7 тамыздағы

 

Төрағалық етті: Таукен Қ.Қ.- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы.

 

Қатысқандар:

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық департаменттердің, басқармалардың басшылары, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

 

                                                 Күн тәртібі:

1. Нұр-Сұлтан қаласындағы аллеяға атау беру туралы.

Баяндамашы: Т. А Қышқашбаев  – «Нұр- Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы.

 

Төрағалық етуші:

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары өткізіледі.

Жария тыңдауларды өткізу туралы ақпарат күні бұрын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» қалалық газеттерінде және Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау арқылы Нұр-Сұлтан қаласы жұртшылығына жеткізілді.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

 

         Тлеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев  – «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы-депутаттарды               Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесінен басталып және Республика даңғылында аяқталатын Жақып Омаров көшесінде орналасқан атаусыз аллеяға «Қаламгерлер аллеясы»  атауын беру жөніндегі материалдармен таныстырды және қатысушылардан  аталған  ұсынысты қолдауларын сұрады.

 

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

 

         Жарыс сөзге Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары қатысты, олар жалпы  «Нұр-Сұлтан қалалық Тілдерді дамыту және мұрағат ісі жөніндегі басқармасы» ММ-нің ұсынысын қолдады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларында Қазақстан Жазушылар одағының   Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы сөз сөйледі.

 

Жария тыңдаудың қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы Жақып Омаров көшесінде орналасқан атаусыз аллеяға «Қаламгерлер аллеясы» атауын беру туралы ұсынысты қолдау.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының хаттамасын- және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізсін.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының

тұрақты комиссияларының

көпшілік тыңдауының төрағасы                                                          Қ. Таукен