Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Жазушылар одағы  ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019  жылдың 4-6 қыркүйек  күндері өтіп жатқан «Азия елдері қаламгерлерінің І форумы» аясында Нұр-Сұлтан қаласында «Қаламгерлер аллеясы ашылды.

Аллея Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшелері қиылысында орналасқан. Қазіргі таңда Аллеяға арнайы ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақта білімді, даналықты, шығармашылықты білдіретін ашық тұрған кітап бейнесіне берілген. Ескерткіш тақта биіктігі – 150 см, ені – 165 см.

2019 жыл 5 қыркүйекте сағат 18.00-де «Қаламгерлер алеясына» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Азия елдері мен Қазақстанның атақты жазушылары сондай-ақ, форум қонақтары келеді.