«Бес сұрақ» айдары

Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2 тармағына сәйкесҚазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялықөкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс істейтін отандастарымыз міндеттізейнетақы жарналарын төлеу бойынша  құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы. Бірақ міндетті емес.Дегенмен Қордағы жеке шотыңызға зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыру жинақтарыңыздың көлеміне, сәйкесінше болашақ зейнетақыңыздың қомақты болуына оң әсерін тигізеді.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет өкілдерінен міндетті зейнетақы жарналары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының қызметкерлеріне теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының толық мөлшерінен ұсталады. Бұған негіз болатын құжат: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу,ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударужәне олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің» 5 тармағы.

 

Кезінде кейбір санаттағы азаматтарға төленген төлемдерден ұсталған жеке табыс салығының таяудан бері оларға қайтарылып жатқандығын естідім. Сол ұсталған жеке табыс салығын қайтару үшін қандай құжаттар ұсыну қажет? 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңының нормалары  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады.

Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін зейнетақы төлемдерін алушылар БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне өздері келіп,немесе сенім білдірілген тұлға не болмаса пошта байланысы арқылы мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

– табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтініш;

– табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы.

Құжаттар үшінші тұлға арқылы ұсынылған жағдайда, үшінші тұлға жоғарыда көрсетілген құжаттарға қоса мына құжаттарды ұсынады:

1)     нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

2)     үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3)     алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Бұл ретте алушының табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері нотариус арқылы куәландырылуы тиіс.

Құжаттарды пошта байланысы арқылы берген жағдайда табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мен алушының өтінімдегі қолы да нотариус арқылы куәландырылады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығына ие емес немесе тиісті құқығының бар екендігін растайтын құжаттар жоқ, не болмаса ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, ұсталған жеке табыс салығы қайтарылмауы мүмкін.

 

Зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына тыйым салу шарасы қолданыла ма?

Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының қарыздары бойыншаміндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақым жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйымсалуға немесе өндіріп алуды қолдануға болмайды. Бұл ретте жоғырада аталған субъектілер таратылған немесе банкрот болған жағдайда да бұл әрекетке жол берілмейді.

Жоғарыдағы талаптарға негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 50-бабының 3 тармағы.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 14) тармақшасына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан ақша өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе оларға өндіріп алу рәсімін қолдануға болмайды.

Қор төлемдері салымшылар мен алушылардың өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылады. Жинақ ақша салымшылар мен алушылардың банк шотына аударылған соң, БЖЗҚ міндеттемесі орындалды деп есептеледі.

 

Зейнетақы аннуиетін қолдана отырып, зейнеткерлікке ерте шығу үшін не істеу керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51 жасқа толған әйелдер (әйелдердің жасы 55-кетолғанша жыл сайын алты айға ұзарып отырады) жәнеөздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл)төленген 50 жасқа толған адамдар(ерлер мен әйелдер)Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде(2019 жылы ол – 36 108 теңге)зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.Бұл ретте міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 2014 жылы енгізілгенін ескерсек, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін әрі 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды. Зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №32 қаулысымен бекітілген.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аудару Қор кеңсесіне келу немесе сенім білдірілген тұлға (құжаттарды сенім білдірілген тұлға Қорға өзі әкеліп тапсыруы тиіс) арқылы ұсына алады. Бұл ретте өтініш білдіру тәсіліне қарай құжаттар тізімі Қор сайтында мына сілтеме бойынша орналасқан:https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/transfer.php

Зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылған соң, 12 (он екі) айдан кейін, сол жинақтар кері қайтарылмаса және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда салымшының жеке зейнетақы шоты жабылады.

 

Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негізінде жұмыс істеймін. Міндетті зейнетақы жарналарын өзім төлеуім керек пе?

Азматтық құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыс істейтін азаматтар 2018 жылдың шілде айынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттелген болатын.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) тиісті өзгерістер енгізілді. Оған негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы.

Соған сәйкес,егер жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшін Қорға міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін.

Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бұл қағида Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген. Дегенмен бұл жеке тұлғалар оның ішінде фрилансерлер Қорға міндетті зейнетақы жарналарын өз ұйғаруымен төлеуге құқылы.Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады.Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға ерікті түрде аудару қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді.