21 мамыр күні мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2019» байқауының қалалық іріктеуі өтті.

21 мамыр күні мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2019» байқауының қалалық іріктеуі өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар ана тілімізде таныстыру жасаса, екінші бөлімде ағылшын тілі бойынша біліктіліктерін ортаға салды. Қорытынды кезеңде әділ-қазылар қатысушылардың орыс тілін білу деңгейіне бағасын берді.

17 қатысушы бақ сынаған сайыста Нұр-Сұлтан қаласы, Мемлекеттік сатып алу және жекешелендіру департаментінің бас маманы Серік Гүлжан Серікқызы бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Қалған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен мараппаталды. Сайыстың республикалық кезеңі қыркүйек айына жоспарланған.