Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2019 жылғы      20 қыркүйек күні «MENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY» ХХІ қалалық тіл фестивалінің аясында «TİL-AMANAT» акциясын ұйымдастырады. Акция       20 қыркүйекте сағат 11:00-де «Руханият» орталығының (Р. Қошқарбаев даңғ.,     50) алдынан бастау алатын болады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық-көпшілік орындарда қазақ тілін насихаттау. Оның  қолданыс аясын қоғамның барлық саласында жан-жақты кеңейту. Көпшілікке «Тіл мерекесін», «Тіл фестивалін» паш ету және олардың маңыздылығын түсіндіру.

Шара барысында бір топ белсенді жастар қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан қалалық тіл мерекесімен құттықтап, домбырамен ән салып, көркемсөз оқып, көпшілікті қазақ тілінде сөйлеуге, туған тілге құрмет көрсетуге шақырады. Сонымен қатар, тұрғындарға тіл төңірегінде интеллектуалды сұрақтар қойып, белсене қатысқандарға ұлттық нақышта безендірілген қоржындар табыстайды. Акцияның негізгі бөлігі қоғамдық көліктер мен аялдамаларда, сауда орталықтары мен көпшілік көп жүретін орындарда өтеді.

Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін қоғамдық маңызы зор іс-шараға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

Басталуы: 20 қыркүйек сағат 11:00 «Руханият» орталығының алды (Р. Қошқарбаев даңғ., 50)