«Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы БҮРКЕНШІК ЕСІМДЕРДІҢ СЫРЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 19 қыркүйек күні 16.00-де Оқушылар сарайының мәжіліс залында (Б. Момышұлы даңғ.,   5, 2 қабат) «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубының «Бүркеншік есімдердің сыры» тақырыбындағы  кезекті  отырысын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы тұлғалардың және ұлт қайраткерлерінің бүркеншік есімдерімен жазылған еңбектерін анықтау. Көрнекті тұлғалардың бүркеншік есімдеріне қатысты мәселелерді талдау. Алаш зиялылары көп қол­данған бүркеншік есімдердің иеленуіне не себеп болғандығын нақтылау.

Ұлт қайраткерлері мен қаламгерлерінің мұраларын зерделеу, олардың ілкімді істері мен шығармашылығын дәріптеу. Осы орайдағы мәселелерді ғылыми және  шығармашылық топ өкілдерінің қатысуымен талдау жасап, түйінін шешу. Бүркеншік есімдерді тану арқылы Алаш қайраткерлерінің болмысын, танымдық табиғаты мен шығармашылық ой-санасын айқындау, сондай-ақ жастардың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Осыған орай, БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.