«ЕЛТАНЫМ» рухани-танымдық көшпелі дәрісі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХІ қалалық тіл фестивалінің аясында «ЕЛТАНЫМ» рухани-танымдық көшпелі дәрісін 16-18 қыркүйек күні аралығында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, Қазақ технология және бизнес университетінде, ҚазГЗУ гуманитарлық-заң   колледжі мен Гуманитарлық колледжінде «Ұлы дала есімдері: ұлт көсемдері мен рухани батырлар» тақырыбында өткізіп келеді. Дәріс өткізгендер филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы – Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Қайырбек Ризабекұлы,        Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры – Ербол Ердембекұлы Тілешов, тарихшы – Арман Қият.

          Жобаның мақсаты мен міндеті: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының өзектілігі мен маңыздылығын түсіндіру, киелі мекеніміздің құндылықтарын, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының рухани-мәдени, әдеби мұраларын жан-жақты, кеңінен дәріптеу арқылы отансүйгіштікті, елжандылықты қоғамның әр өкілінің санасына сіңіру, туған тіліміздің қолданыс кеңістігін кеңейту.

Сонымен қатар қыркүйек айының аяғына дейін көшпелі дәрістер басқа да Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында өткізу жалғасады.