«Qazaq tilin oqytý ádistemesi: tájirıbesi, búgingi ózekti máseleleri jáne bolashaǵy» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ХХІ қалалық тіл фестивалінің аясында 2019 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 10.00- де «Qazaq tilin oqytý ádistemesi: tájirıbesi, búgingi ózekti máseleleri jáne bolashaǵy» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Отандық белгілі тіл мамандары мен ғалымдардың қатысуымен өтетін жиында бүгінгі таңдағы қазақ тілін тиімді үйретудің теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылады.

Конференцияның мақсаты:

  • қазақ тілін оқытудың педагогикалық-әдістемелік мәселелерін ғылыми-теориялық негізде пайымдау;
  • қазақ тілін оқытуда озық инновациялық технологияларды қолдану;
  • қазақ тілінің функционалдық аясын кеңейту жолдарын айқындау;
  • қазақ тілін меңгерту арқылы ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді терең таныстыру, азаматтар бойында патриоттық сезімін күшейту.

Конференцияға қатысуға отандық филолог ғалымдар, Тілдерді дамыту және архив ісі, Білім басқармаларының мамандары, зиялы қауым өкілдері, оқулық авторлары, мектеп, кәсіптік-техникалық білім беру және жоғары оқу орындарының және өңірлердегі жекеменшік оқу орталықтарының оқытушылары шақырылады.

БАҚ өкілдерін, тіл жанашырларын қоғамдық маңызы зор жиынды қолдауға шақырамыз.

Іс-шара «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында өтеді (Б. Момышұлы д., 24/9 үй).