«MENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY» ХХІ қалалық тіл фестивалі аясындағы «OI-ZEREK» интеллектуалды тіл сайысы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 24 қыркүйек күні сағат 15.00-де Оқушылар сарайының «Амфитеатр» залында                            (Б. Момышұлы даңғ., 5, 4 қабат) «MENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY»    ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында «OI-ZEREK» интеллектуалды тіл сайысын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық-рухани және қазақ тілінің құндылықтарын дәріптей отырып, қазақша ойлауға, жазуға ықпал ету. Оларды тіл тазалығы мен мәдениетін сақтауға шақыру. Әр сала қызметкерлерінің  латын әліпбиін тез меңгеруіне септігін тигізу.

Шара барысында, әр түрлі мекемелер мен ұйымдардан құралған топтар өзара сайысқа түседі.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1) мақал-мәтел құрастыру;

2) бейнені дыбыстау;

3) латынша мәтінді жылдам оқу;

4) Қазақ терминдері мен аудармасы;

5) интеллектуалды сұрақтар;

Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

Өтетін уақыты: 24 қыркүйек, 15:00

Өтетін орны: Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғ., 5)