«НАМЫС ПЕН РУХ» РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕШІНІҢ

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

«НАМЫС ПЕН РУХ» РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕШІНІҢ 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 7 қараша күні Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына орай «Намыс пен Рух» рухани-патриоттық кешін өткізеді.

Шараның мақсаты – Қан майдан жылдарында ерліктің асқақ үлгісін көрсетіп, жеңіс жалауын желбіреткен батыр бабамыз, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алу, қайраткер рухына тағзым ету. Батыр бабамыздың даңқты жолын жаңғырта отырып, өскелең ұрпақ бойына ұлттық намыс пен елдік рухты сіңіру.

Рухани тағылымды кеш барысында соғыс жылдарында ерен ерлік көрсетіп, қайтпас қайсарлық танытқан батырлар туралы Қ. Қуанышбаев театрының әртістері сахналық көрініс көрсетіп, қазақ эстарадасының өкілдері патриоттық әндер шырқайды. Одан өзге, арнайы бейне көріністер көрсетіліп, жас жеткіншектер өз өнерін ортаға салады.

Шараға белгілі тарихшы-ғалымдар мен жас зерттеушілер, Халық қаһарманының ұрпақтары, журналистер, ұлт тарихы мен руханиятына қызығушылық танытқан жалпы көпшілік қатысады.

Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін қоғамдық маңызы зор іс-шарамызға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

Өтетін уақыты: 7 қараша сағат 16:00-де

Өтетін орны: Оқушылар сарайы  (Б. Момышұлы даңғ., 5)