Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының  4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы  А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;

жобалық атауы А98 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;

жобалық атауы № 23-6 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;

жобалық атауы № 198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

жобалық атауы № 28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;

жобалық атауы № 29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;

жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;

жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;

жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;

жобалық атауы № Е51көшеге – Төле би көшесі;

жобалық атауы № Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;

жобалық атауы № Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:

Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға «Қаламгерлер аллеясы»; 

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:

жобалық атауы № 167 көшеге – Қараменде Шақаұлы көшесі атауы берілсін.

  1. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

Сарыкөл көшесі жобалық атауы № 23-8 көшесімен біріктіріліп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» және «Байқоңыр» аудандары бойынша:

Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелерін біріктіріліп Әл-Фараби даңғылы;

Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

«Арай» саябағы – «Жетісу» саябағы деп қайта аталсын.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа»  аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

4.  «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан  қаласы мәслихатының  шешімі  әділет органдарында   мемлекеттік 

тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 

 

_______________  А. Көлгінов                                      

                                    

         Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты                       

         сессиясының төрағасы

         ___________________   А. Аюпов

                               

          Нұр-Сұлтан қаласы

          мәслихатының   хатшысы

         _______________ Ж. Нұрпейісов