«Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ-ның 2019 жылда атқарылған жұмыстары туралы есеп-ақпараты

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві бекітілген жоспарға сәйкес құжаттардың сақталуын, мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану және жариялау мен ведомстволық архивтермен жұмыс істеу барысындағы бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды.

Архив жұмысы қызметінің жұмысы негізінде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ тізімдемелер бойынша істердің нақты бар екенін анықтау мақсатында құжаттарға, олардың қалпына тексеру жүргізу және консервациялық-профилактикалық және өңдеу жұмыстарын қажет ететін істерді және олардың қалпын анықтау жұмыстары жалғасын тапты.

Жалпы көлемі 46 640 сақтау бірлігіне тексеру және жай-күйін тексеру жұмысы атқарылды. Сонымен қатар келесі жұмыс түрлері жүргізілді: жаңадан қабылданған қорлардың тізімдемелері жаңа нөмірлері көрсетіліп реестрге енгізілді. Құжаттарды сақтау қоймалары бойынша қорлардың тізбесі жасалды. 5 қордың қор парағы жасалып рәсімделді. 49 тізімдеме сканерден өткізілді.

Ш. Қалдаяқов көшесі, 13-үй мекенжайында орналасқан архив қоймасының қорлары бойынша 160 іс тігілді және 60 іске қайта өңдеу жұмысы жүргізілді, 3 803 парақ нөмірленді. Сонымен бірге құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды.

2019 жылда бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне 32 533 құжат, оқу залына – 3 842 құжат, 32 533 құжат орнына жайғастырылды, 2 219 тізімдеме берілді, 3 215 жапсырма жазылып және жапсырылды, 2 540 құжат сақтауға қабылданды.

«Бірыңғай электрондық архив» (е-Архив) толтыру бойынша жұмысы басталды, жүйеге 19 істер көлемі 4420 файл аса құнды құжаттары жүктелді. № 32 қордың, 1 тізімі, № 1-20 іс. құжаттардың электрондық бейнелері жүйеге жүктелді.

Сандық форматқа ауыстыру және индекстеу бойынша жұмыс:

2019 жылда  аса құнды құжаттарды сандық форматқа ауыстыру және индекстеу бойынша жұмыс жалғасуда. Келесі АҚҚ қорлар цифрланып, индексациядан өткізілді:

Барлығы көлемі 13 753 сақтау бірлігі бар 6 қордың аса құнды құжаттары цифрлаудан және индекстеуден өтіп, 1 500 000 парақ «Астана қаласының Мемлекеттік архиві Автоматтандырылған акпараттық жүйесі» (АМА ААЖ) деректер базасына жүктелді.

Архив жұмысы қызметінің қызметкерлерімен 101 600 парақ сканерленді.

Архив құжаттарының сақтандыру қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде (микрофильмдеу):

-         Есепті кезеңде 813 000 астам құжат фотопленкаға ауыстырылды.

         2019 жылы «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 9879 әлеуметтік- құқықтық сипаттағы сұраулар  түскен, оның ішінде «Электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы – 3432,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы (ХҚКО) – 4547. 2019 жылда  – 9633 әлеуметтік- құқықтық сипаттағы сұраулар  орындалды.

       Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Архив-2025» жобасының жетекшісі Б. Абдығалиұлының баяндамасын тыңдауға  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жетілдіру бойынша Ұлттық комиссия жанындағы  орталық сараптау кеңесінің отырсына қатысты.