Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

ПОСТ-РЕЛИЗІ  

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша  2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес 5 наурыз күні Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығында  Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындары ғалымдары және кәсіптік-техникалық ұйымдары оқытушыларының қатысуымен ашық талқылау өткізілді.  Латын графикасына негізделген әліпби жобасындағы кейбір дыбыстардың таңбалануын қайта қарастырып, олардың жазылым мен оқылымындағы артықшылықтары және кемшіліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқылады.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары,  БАҚ өкілдері  және басқа да тіл мамандары қатысты.  Талқылау нәтижесінде отырыс мүшелері  латын әліпбиінің  умлаут нұсқасын қолдады.