«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» онлайн-конференция

«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»

онлайн-конференция 

БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында Zoom платформасы арқылы өзге этнос өкілдерімен онлайн-конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру; бірлік, ынтымақ ұғымдарының маңызы мен қасиеті туралы ақпарат бере отырып, тіл үйренушілердің патриоттық рухын арттыру.

Сонымен қатар, бұл конференция сөйлемдерді дұрыс құрастыру, тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуды дағдыландыруға бағыттайды.

Сабаққа В 1 деңгейіндегі қазақ тілі курсының тыңдаушылары қатысады.

Өтетін күні: 30 сәуір, 16.00 с.

Байланыс телефондары: 8(7172) 249052.