Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде

ЖОСПАР-ТАПСЫРМА 

Өтетін уақыты: 4 маусым 2020 жыл 

1. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (Т.Ә. Қышқашбаев):

- Қазақстан Республикасы Мемлекетті рәміздері күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен жалпы үйлестіруді;

- Қалалық әкімдік ғимараты алдындағы алаңда Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындауды;

- Мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық бейнеролик дайындауды қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл. 

2. Мәдениет басқармасы (Н.Е. Сыдықов):

- Музыкалық аппаратура (дыбыс ұлғайтқыш, микрофон – 2, стойка – 1);

- «Астана» мемлекеттік академиялық филармонисы ғимаратындағы LED-экранда мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық бейнероликті көрсетуді қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл. 

3. Аудан әкімдерінің аппараттары (Ә.З. Сәрсембаев, Н.Т. Нұрсағатов, Б.О. Жакенов, Е.К. Егемберді):

- Аудан әкімдіктері ғимараттарының алдында Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындауды;

- Елорда тұрғындарын аудан аумағында орналасқан LED-экрандарда ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауды;

- «Есіл» ауданындағы (Б.О. Жакенов) Министрліктер Үйі, «Қазмедиа», «Экспо» орталықтары сияқты нысандарда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауды (жүгіртпе жол);

- Аудандардағы қоғамдық орындарда (т/ж вокзалдары, әуежай және т.с.с.) мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық бейнероликті көрсетуді қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 30 мамыр – 4 маусым 2020 жыл.

4. Мемлекеттік мекемелердің басшылары:

- Қалалық әкімдік ғимараты алдындағы алаңда Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау үшін барлық қызметкерлердің (мемлекеттік, азаматтық және қарасты мекемелердің басшылары) сағат 9:45 – те қатысуды;

- ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту бойынша өткізген іс-шара туралы ақпаратты (пост) немесе бірінші басшының құттықтау сөзін мекеменің және бағынысты ұйымның ресми интернет – ресурстарында, әлеуметтік желідегі парақшаларында #Нұр-СұлтанМемлекеттік рәміздеркүні #МеніңТуым #Рәміздер-Елмақтанышы хэштегтерін қолдана отырып орналастыруды қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл. 

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Шаруашылық басқармасы» ЖШС (А. Тұрлыбек) қызыл кілем және турникеттерімен қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл 

6. Ішкі саясат басқармасы (Т.А. Рахманберді), Нұр-Сұлтан қаласының әкім аппаратының баспасөз қызметі (С.Т. Әділбаев):

- Іс-шараға БАҚ өкілдерінің қатысуын;

- Іс-шара барысын квадрокоптер (дрон) арқылы видеоға түсіру;

- Мемлекеттік рәміздер туралы патриоттық сипатындағы сөздерін шығарып, елорда аумағында билборд, баннер, пилондар, аялдамаларға орналастыруды;

- Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау іс-шарасын мемлекеттік тулармен (15 бірлік) қамтамасыз етсін:

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл 

7. Жастар саясаты жөніндегі басқармасы (Д.Ж. Кәрібек):

- Қоғамдық орындарда, көшелерде ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттық материалдарды таратуға атсалысатын 50 волонтермен;

- ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өткізуді;

- Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау іс-шарасына «Жас сарбаз» жастар ұйымының қатысуын қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл

 

8. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы (Н.К. Солтамбеков):

 - қоғамдық көліктерде мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық бейнероликті көрсетуді қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 2020 жылғы 30 мамырдан бастап. 

9. Полиция Департаменті (Е.С. Саденов):

- Іс-шара өтетін орындарда қоғамдық тәртіп күзетін;

- Автошеру өту барысында жол қозғалысын реттеуді (Жол жүрі кестесі қосымша ұсынылатын болады) қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 4 маусым 2020 жыл