«Ұлы Абай – халық жүрегінде» диктанты

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бастамасымен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 15 қыркүйек күні жалпыхалықтық диктант ұйымдастырды.

Диктант философ, қазақтың бас ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын насихаттауға, Хакім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен ашуға, Абайдың рухани мұраларын елдің санасына сіңіру мақсатында өткізілді.

Жалпыхалықтық диктантқа түрлі мекеме, басқарма, әкімдік қызметкерлері қатысты.