Қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақыру

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

 2016 жылғы 18 сәуірден 18 мамырға дейінгі аралықта Астана қаласын көктемгі санитарлық тазарту және абаттандыру экологиялық айлығы өткізіледі.

2016 жылғы 23 сәуірде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша «Біз – таза қала үшін!» жалпықалалық сенбілігі өтеді.

Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы барлық азаматтарды қаламызды абаттандыру сенбілігіне шақырады:

Еңбек ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарды, оқу орындарын және қаланың белсенді жастарын сенбілікте кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен оларға берілген учаскелердің аумағын жинауға;

қала тұрғындарын үй айналасындағы аумақты тазартуға, шағын бақты қазуға, қоршауларды жөндеуге, бұталарды қиюға және т.б. шақырамыз.

Сенбілік кезінде жиналған тұрмыс және құрылыс қоқыстарын қапқа салып, жол бойына немесе қоқыс контейнерлері алаңдарында жинау қажет.

Құрметті қала тұрғындары! Біз тұрып жатқан үй ең таза және абаттандырылған болсын. Бірлесіп күш салып елордамызды ең таза және жайлы ете алатынымызға сенімдіміз.

Сенбілік өткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Сізге Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігіне жұмыс күндері 55-66-11, 55-66-10, 55-66-12 телефондары бойынша хабарласып және қажетті ақпаратты алуға болады.