Елорда тұрғындарының назарына

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.

Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.