«Тілдарын – 2016» қалалық олимпиадасы және «Тіл шебері – 2016» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы қалалық байқау жеңімпаздарын МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін орны: «Тілеп» қобыз сарайы (Керей, Жәнібек хандар к-сі, 18);    

Өтетін күні: 2016 жылғы 21 сәуір.

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылғы 21 сәуір күні сағат 16.00-де «Тілеп» қобыз сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің         25 жылдығына арналған «Тілдарын – 2016» қалалық олимпиадасы және «Тіл шебері – 2016» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы қалалық байқауының марапаттау салтанатын өткізеді.

Шараның мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Аталған кеш барысында олимпиада және байқау жеңімпаздары Астана қаласы әкімінің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сонымен қатар көрермендерге «Бәйтерек» тобы, Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов т.б. қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсететін болады. 

Салтанатты іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар мен қаламгерлер, қала басшылығы, мемлекеттік мекеме жетекшілері, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған.