«Наурыз мейрамы – 2016» қалалық байқауының марапаттау салтанаты БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін орны: Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғ., 5);   

Өтетін күні: 2016 жылғы 25 наурыз.

Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 21-22 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Наурыз мейрамы – 2016» атты қалалық байқау өтті. Қалалық байқау Астана қаласындағы мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, жалпы барлығы     40-тан астам мекемелер арасында өткізілді.

Белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қаламгерлерден құралған комиссия 21-22 наурыз күндері қаланың барлық алаң, саябақ, тұрғын алаптарын аралап, киіз үйлердің ұлттық нақышта безендірілуі, Наурыз мейрамын қарсы алу рәсімдері мен ұлттық дәстүрлерді көрсетуі, ұлттық тағамдарды ұсынуы, іс-шараның мазмұндылығы, киімдердің ұлттық нақыштағы деңгейі сияқты шарттарға назар аударып, бағалауларын жүргізді.   

2016 жылғы 25 наурыз күні байқаудың қорытынды салтанаты өтеді.             

25 наурызда сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін «Оқушылар» сарайы (Б. Момышұлы даңғ., 5) концерт залының алдында көрермендерге тегін «Наурыз көже» мен бауырсақтар ұсынылып, этно-көрме ұйымдастырылады және 17.00-де концерт залда эстараданың танымал жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Шара барысында жеңімпаздар әкімнің атынан марапатталатын болады.

Аталған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар мен қаламгерлер, қала басшылығы, мемлекеттік мекеме жетекшілері, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған.