Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік-сазды кеш БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін орны: «Жастар» театры;     

Өтетін күні: 2016 жылғы 28 сәуір.

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылғы 28 сәуір күні сағат 16.00-де «Жастар» театрында (Бұрынғы Күләш Байсейітова атындағы Опера және балет театры) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік-сазды кеш өткізеді.

Мерекелік кештің басты мақсаты – азаттықты ұлықтау, ұлтаралық бірлікті арттыру, этно-мәдени бірлестіктермен қарым-қатынасты нығайту. Мемлекеттік тілдің ұлт және мемлекет үшін маңыздылығын, негіз екенін көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдің елді біріктірудегі маңызды рөлін насихаттау. Ана тіл ұғымын қалыптастыра отырып, қазақ халқы ана тілінің қоғамдағы басымдылығын, рухани ұйыстырушы, ұлтаралық бірлікті нығайтушы фактор ретіндегі айқын рөлін түсіндіру, сонымен бірге Қазақстандағы этностардың ана тілдерінің дамуы мен сақталуы.

Аталған кеш барысында қазақ эстрадасының жұлдыздары «Наз» мемлекеттік би театры, Ардақ Балажанова, Тамара Асар, Айбек Бекбосынов, Ибрагим Ескендір, Шахаризат Сейдахмет, Жасұлан Ерболат, «АРТ-домбыра» аспаптық триосы және т.б. өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынады.

Аталған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, депутаттар, мемлекеттік мекеме және этно-мәдени бірлестік жетекшілері, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған.