Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Тәрбиеден – тағылым» атты қалалық байқауын ұйымдастырады. Байқау 2016 жылдың 12-27 ақпан аралығында өтеді.

Баспасөз парағы

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Тәрбиеден – тағылым» атты қалалық байқауын ұйымдастырады. Байқау  2016 жылдың 12-27 ақпан аралығында өтеді.

Байқаудың мақсаты – кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып жүрген мектеп директорларының орынбасарларын  анықтау,  іс-тәжірибесін  насихаттау  және  тарату.

Байқауға қатысушылар  өзінің шығармашылығымен таныстырады, сонымен  қатар педагогикалық ұстанымын  көрсететін  төсбелгісін, ұранын  ұсынады. Тәрбие сағатын өткізіп,  онда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жүргізілетін  кешенді жұмысына, таңдаған тақырыбына, патриоттық тәрбие берудегі мәселелеріне назар аударылады. Ата-аналардың қатысуымен жұмыс түрлерін көрсетеді. Үміткерлер өз тәжірибесіндегі кездестірген бір нақты мәселелері бойынша мақала дайындап,  жоба қорғайды. Онда мәселенің өзектілігіне және оны шешу жолындағы тәжірибелі еңбегіне мән беріледі. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жүргізілген жұмыстары сараланады.

  Байқау жеңімпаздары Тілдерді дамыту басқармасының бағалы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталады. Байланыс телефоны: 55-67-26, 87014082895.