2016 жылғы 27 мамырда, сағат 10.00-де, «Іскер» бизнес орталығында «Қаланың тілдік келбеті: жарнама және көрнекі ақпарат мәтіні» атты семинар өтті.

2016 жылғы 27 мамырда,  сағат 10.00-де, «Іскер» бизнес орталығында Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында жарнама саласы бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арналған «Қаланың тілдік келбеті: жарнама және көрнекі ақпарат мәтіні»  атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртiбi қарастырылған 19-бап, деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi жайында жазылған 21-бап талаптарының сақталуын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға атсалысу, қазақ тілінде сауатты, жаңашыл, көркем безендірілген жарнамаларға қолдау көрсету.

Аталған ісшараға жеке кәсіпкерлер, сауда орындарының, жарнама агенттіктерінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Ісшара барысында қоғамдағы жарнама тілін реттеуге, біріздендіруге арналған «Тілдік жаднама» атты әдістемелік таратылды.

Семинарда сөйлегендер:

Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты

Алма Әбдінасырқызы Шоқаева – Іс жүргізу және аударма маманы, Ахметов Мұхамбедия – Астана медицина университетінің  Профилактикалық медицина кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты,

Бекжан Әбдуалиұлы   Еуразия  ұлттық университетінің профессоры,  филология ғылымдарының докторы.