Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне арналған «Көше мейрамы – 2016» мерекелік іс-шарасының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін орны: Астана, «Нұржол» желекжолы (сулы-жасыл) алаңы; 

Өтетін күні: 2016 жылғы 2 шілде, сағат 14.00-ден.

Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы  2016 жылғы 2 шілде күні сағат 14.00-ден «Нұржол» желекжолының алаңында («Нұрсая» тұрғын үйлерінің ортасы) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне арналған «Көше мейрамы-2016» мерекелік іс-шарасын өткізеді.

Мерекелік шараның басты мақсаты мен міндеттері:  

v Тәуелсіздіктің басты құндылықтарының бірі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жан-жақты дамыту;

v  Астананың қалыптасу тарихы мен бүгінгі жетістіктерін, Қазақстанның бұрыңғы елордаларын және олардың атауымен аталған көшелерін көпшілікке насихаттау;

v Халық арасындағы бірлікті, ынтымақты нығайту;

v Өскелең ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу;

v Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көше мейрамы аясындағы іс-шаралар:

v  «Нұржол» желекжолында елорда өнерпаздарының, жас ақындардың, цирк әртістерінің, иммидждік топ және жанды дыбыстық ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

v  Алаңдарда караоке, «Асық ату», «Домбыра party», кітап және сурет көрмелері, көпшілікке және балаларға арналған ойын-сауықтар, сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі.

v  Сондай-ақ, жұртшылыққа брошюралар таратылады.

Ұйымдастыру комитеті

55 67 29, 8 775 335 04 14