Астаналықтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

4 тамызда «Жастар» сарайында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтеді.

Шараға қызмет көрсету, білім, денсаулық сақтау, құқық тәртібі, қоғамдық қауіпсіздік және т.б. салалар, сондай-ақ, жұмысшы мамандықтар бойынша 50 жұмыс беруші қатысады.

Жұмыс іздеген астаналықтарға 500 астам бос жұмыс орны ұсынылады. Жәрмеңке сағат 10.00-13.00 аралығында өтеді.

– Аталған шараның ерекшелігі – онда психолог пен шешендер әңгімелесу кезінде өз-өзіңді қалай ұстану керек екендігі туралы кеңес береді, – дейді Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары.