Елордада тұрақ кеңістігін басқару жүйесі енгізіледі

Көлік көп болғанда туындайтын мәселелердің бірі тұрақ кеңістігін бірыңғай басқарудың жоқтығы. Бүгінгі таңда елорда әкімдігі халықаралық консультанттардың қатысуымен көше тұрақтары, үй мен вокзал жанындағы алаңдар, паркингтер, айыппұл тұрақтары сияқты компоненттерді біріктіру туралы шешім қабылданды. Осының бәрі бір жүйеге бағынатын болады. Бұл туралы елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдау барысында «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан мәлім етті.

Барлық көлік ағындарымен өзара әрекет ететін жүйе әзірленеді, тұрақтардың толып тұруына тұрақты мониторинг жүргізіледі, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тұрақ аймақтарының болуы туралы ақпараттандырылады, сондай-ақ, ақылы тұрақты пайдаланған кезде жол жүру ережесін бұзу жағдайлары автоматты түрде тіркеледі.

e9e3c1167746e441cc3406eeff7.jpeg

Көлік қою үшін ақы алатын арнайы жабдықтар орнатылады, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Т. Арданның айтуынша, пилоттық жоба Нұржол желегінің бойында екі жақтан – Орынбор көшесінен Қабанбай батыр даңғылының шығыс бөлігіне дейін орналасатын 910 көлікке есептелген.

- Жалпы қала бойынша екі аймақ қарастырылған – жаңа әкімшілік орталық және дәстүрлі ескі орталық, жалпы алғанда, 9 мыңға жуық көлік орны. Көлік құралдарының айналымдылығы 30-40%-ға дейін, қоғамдық көлікке деген сұраныс 20%-ға дейін, тұрақ кеңістіктеріне түсетін жүктеме 50% дейін артады, ал жол желісіне түсетін жүктеме 30%-ға дейін азаяды, жол жүру ережесін бұзу жағдайлары 80%-ға дейін төмендейді деп күтілуде, – деді ол.