«Мемлекеттік тілде іс жүргізу және құжатайналым: нормативтік базасы, оны іске асыру тәжірибесі» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты – елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, құжаттардың сауаттылығы мен сапасын арттыру. Қазтест бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесімен, тестілеу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Семинарда Қазақ гуманитарлық заң университеті, Филология ғылымдарының кандидаты Сапина Сабира Минатайқызы «Ұлт тілінде термин жасау», Қазақ гуманитарлық заң университеті, Филология  ғылымдарының  кандидаты Динаева Бекзат Бегімқызы «Іскерлік хат алмасу тілдерінің нормалары», Қазтест жүйесін дамыту басқармасының бас сарапшысы Сәдуақасова Мира Ғазизқызы «Қазтест жүйесі және мемлекеттік тіл» атты баяндама оқыды.

Аталған семинарға спорт мектептерінің іс жүргізушілері мен Коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты құрылымдық мекемелердің іс жүргізушілері қатысты.