Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылғы 3 мамыр күні сағат 16.00-де «Тілеп» қобыз сарайында (Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18) Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Тілі бірдің – елі бір» атты мерекелік кеш өткізді.

Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлтаралық бірлікті арттыру, этно-мәдени бірлестіктермен қарым-қатынасты нығайту. Мемлекеттік тілдің ұлт және мемлекет үшін маңыздылығын, негіз екенін көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдің елді біріктірудегі маңызды рөлін насихаттау. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы басымдылығын, рухани ұйыстырушы, ұлтаралық бірлікті нығайтушы фактор ретіндегі айқын рөлін түсіндіру, сонымен бірге Қазақстандағы этностардың ана тілдерінің дамуы мен сақталуы.

Аталған кеш барысында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары және ел өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Іс-шараға депутаттар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме және этно-мәдени бірлестік жетекшілері, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған